АУРУХАНАҒА ЖАС МАМАН КЕЛДІ
Казталов аудандық ауруханасына жас маман, балалар дәрігер анестезиолог-реаниматологы Азамат Даңғайұлы Даңғазиев келді. Аурухана басшысы Руслан Амангелдіұлы жас маманды қабылдап, жұмысына сәттілік тіледі.
Азамат Даңғайұлы 1994 жылдың 30 маусым күні Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2011 – 2018 жж. – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде білім алған.
2018 – 2021 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті балалар анестезиолог-реаниматологы мамандығы бойынша резидентурада оқыған.
15.10.2019-01.08.2020 Хромтау аудандық ауруханасының дәрігер-хирургы;
26.10.2020-01.04.2021 Хромтау аудандық ауруханасының дәрігер-хирургы;
05.08.2021-қазіргі уақытқа дейін Хромтау аудандық ауруханасының дәрігер анестезиолог-реаниматологы қызметтерін атқарған.
Қазіргі таңда Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, дәрігер анестезиолог-реаниматолог қызметін атқаруда.
Казталов аудандық ауруханасының баспасөз қызметі